Новости на Newstaraz.

Түркімен билігі ауруханаларда дресс-код енгізді

newstaraz.kz

Түркіменстандағы ауруханаларда науқастар дәстүрлі үлгідегі киім киіп жүруі тиіс. Жаңа тәртіп ауруханаға түскен барлық ұлт өкілдеріне қатысты, деп хабарлады Азаттық радиосының Түркімен қызметі.

Азатлык мәліметінше, облыстардағы емдеу мекемелерінде әйел науқастардан кең көйлек киіп, шағын орамал тағуын талап етіп жатыр. Жеңі ұзындау, кең әрі ұзын көйлек мақта матадан тігілуі, бірақ жағасында дәстүрлі өрнек болмауы тиіс.

Ауруханадағы ер азаматтар мақта матадан тігілген шолақ жең жейде, қара түсті түркімен шалбарын киіп жүруі керек. Киімдерді науқас өзі алып келеді, деп хабарлады тұрғындар.

Түркіменстан ауруханаларында істейтін дереккөздердің хабарлауынша, жаңа талаптарға сай киінбегендерге медициналық қызмет көрсетілмеуі мүмкін. Ауруханадағы науқастарда екі күн ішінде жаңа талаптарға сай киім дайындау керектігі ескертілген.

Ауруханалардың бірінде дресс-код енгізу себебін Денсаулық сақтау министрлігінің тексеруімен байластырған. Басқа да мекемелерде биліктің тапсырмасы деп түсіндірген.

2022 жылғы наурызда билікке Сердар Бердымұхамедов келгелі бері Түркіменстанда азаматтардың, әсіресе әйелдердің киімі мен сырт келбетіне, жүріс-тұрысына бақылау күшейді.

Сәуір айынан бастап елде татуаж, төс үлкейту секілді косметикалық оталарға тыйым салынды. Жасанды тырнақ, кірпік жапсырған қыз-келіншектерді көшеде ұстағаны туралы мәліметтер көптеп тарады.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »