Новости на Newstaraz.

ТАЛ ТҮСТЕ 12 ЖАСАР ҚЫЗДЫ ЗОРЛАДЫ

newstaraz.kz

Педофил тапа-тал түсте 12 жастағы қызды зорлады. Күдікті арам пиғылын әжетханада іске асырған. Ал қылмысты тексерген тәртіп сақшылары буыны қатпаған мектеп оқушыларын тергеп, оларды сұрақтың астына алыпты. Бұған ашуланған ата-аналар бүгін білім ордасында айқай шығарып, жұмысына салғырт қараған мұғалім мен директордың жазалануын талап етті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Мы родители, того класса все это произошло. Наши дети пропала девочка, никто ничего не может объяснить. Они бедные школьники. Идет урок, заходит десять мужиков здоровых а*****. И начинают наших детей допрашивать. Это разве можно делать?. Им 12-13 лет. У них и так психологический стресс произошел». Осылай деген жамбылдық бір топ ата-ана тәртіп сақшылары өз қызметін дұрыс атқармағандығына наразылық білдірді. Олардың сөзінше, сұмдық жағдай болған күні полиция қызметкерлері сабақ үстінде сыныпқа кіріп келіп, бір топ оқушыны сұрақтың астына алған. БАУЫРЖАН ӨТЕГЕНОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Сіздер балаларыңызды мектепке берген уақыттан бастап, білім ордасы перзентіңізге

жауап береді. Біз мектеп психологының қатысуымен кәмелетке толмаған оқушылардан жауап алуымызға құқығымыз бар. Маған қылмыстың ізін суытпай, қаскөйдің қайда бой тасалағанын білу маңызды. Сондықтан, жағдайға түсіністікпен қараңыздар». Оқиға куәгерлерінің сөзінше, 12 жастағы қыз үзіліс кезінде жоғалып кеткен. Кәмелетке толмаған оқушыны бүкіл мектеп болып жабыла іздепті. Сол кезде жәбірленуші білім мекемесінің дәретханасынан табылған. Қаскөй арам пиғылын жүзеге асыру үшін артынан аңдып барған көрінеді. НАДЕЖДА БАБАК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: «Зардап шеккен қыз оқыған сыныпта менің де балам оқиды. Ертең мұндай сұмдық оқиға біздің де басымызға келетініне ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан, мектеп директорынан бастап, жауапты тұлғалардың жауап бергенін қалаймыз». Тапа тал-түсте оқушының зорланғаны сол сыныпта оқитын ата-аналардың шыдамын тауысты. Ашынғандар мектеп әкімшілігінен бастап, жауапты қызметкерлердің бәрі жазасын алу керек деп есептейді. ГҮЛСАРА МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: «Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің бірнеше бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары ізін суытпай 38 жастағы азамат ұсталды. Бұрын ұрлық үшін жазасын өтеген. Үйленбеген. Егер, күдіктінің кінәсі дәлелденсе ол 17-ден 20 жылға дейін немесе өмір бойына түрмеге қамалуы мүмкін». Бір анығы оқиға 15 қараша күні қаладағы білім ошақтарының бірінде болған. Күні-түні есігінде күзетші тұратын мекемеге қаскөйдің қалай кіргені әзірге белгісіз. Осы жағдайдан әбден жүректері шайылып қалған ата-аналар енді балаларын мектепке жіберуден қорқып отыр.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »