Новости на Newstaraz.

ТІС ДӘРІГЕРІ ДЕ, АНАСЫ ДА ЖАЗАЛАНУЫ МҮМКІН

newstaraz.kz

Жұлынбаған тіс үшін дәрігер де, оның анасы да жазалануы мүмкін. Түсінгендеріңіздей, демалыс күндері қызу талқыланған Ақтаудағы жағдай туралы айтпақпыз. 7 жастағы баланың тісін жұламын деп басы дауға қалған дәрігер бүгін жұмыссыз қалды, полиция тергеуді бастады. Жауапқа тартылуы мүмкін жандардың ішінде баланы анасы да бар екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. Соңғы екі күн бойы компьютер мен смартфонға телмірген жұрттың талқылаған видеосы осы болды. Ақтаудағы стоматологиялық орталық. Бейнебақылау камерасына таспаланып қалған жазбаны, түсінгеніміз, анасы түсіріп отыр. «Айналдырмаңыз иә? Балам көнді, отырамын алдыма дейді де, бірақ та отырмай тұр. Қатты қинауға да. Не істеп тұрмын? Себебі, балам ДЦП ауыратын болған соң, құрысыншы, деп. Алдырмайын десе, тісі деген іріңдеп тесіліп қалған. Врачтың өзінен сұраңыз». Тілші: Тағы бір түйгеніміз, бала сал дертіне шалдыққан болса керек. Бой бермеген балақайды дәрігер допша лақтырып, жұлқылап жатыр. «Доктор мені ұрды дейді. Басымнан сілкіді дейді, ананың бәрін болған нені айтып тұр. Балам алдамайды. Просто қорқып тұр да балам».

Комментарийді үйіп төккен ағайынға тіс дәрігерінің өзі түсінік беріп, кешірім де сұрады. Жаман ойым болған жоқ дейді. ТӨЛЕГЕН МҰХАМБЕТОВ, ТІС ДӘРІГЕРІ: «Мен баланы ұрған жоқпын. Бірақ, өте қатты жұлқыдым. Кішкене қорқытып, отырғызып, тісін жұлып беріп жіберейін деген оймен ғана жасалынған болатын. Еш адамға жамандық ойламаймын. Тек қана жақсылық ойлаймын. Ел алдында, бүкіл анасының алдында, ата-анасының алдында, тума-туыс, бауырларының алдында мен кешірім сұраймын шын жүрегіммен!».

Ақтаулық атқамінерлер мінберге шығып, баспасөз мәслихатын өткізді бүгін. Жүйкесі сыр берген дәрігерді жұмыстан қуыпты. ҚУАТ МАШЫРЫҚОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «Жазбаны көріп, бірден жұмыстан шығару керек дедім. Кінәлі екені даусыз. Төлеген Мұхамбетов жас әрі болашағынан үлкен үміт күттірген маман. Оқуын қызыл дипломмен аяқтаған. Заманауи емдеу тәсілдерін жетік меңгерген. Ақтап отырған жоқпын, бірақ барды бар деп айту керек». Ал полицейлер болса, әкімшілік іс қозғап, тергеуді бастаған. Дәргірмен бірге баланың анасының әрекеті де тексеріледі дейді. ҚАЛДЫМҰРАТ АЙҒАРАҚОВ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Тағайындалған сараптама аяқталған соң Әкімшілік кодекске сай шара қолданылатын болады. Ал баланың анасына келетін болсақ, біз бейнежазбаны мұқият қарап шықтық. Анасының да қол көтергенін байқадық. Оны да тексереміз. Заң бұзушылық анықталса, кәселет жасына толмағандар ісі бойынша комиссияға жолдаймыз». Жас дәрігер 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді екен. Әзірге үстінен ешкім шағымданбаған.

Первый канал Евразия

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »