Новости на Newstaraz.

Трамп: Солтүстік Корея басшысы барлығынан айрылып қалуы мүмкін

newstaraz.kz

АҚШ пен Солтүстік Корея қарым-қатынасы нашарласа, КХДР басшысы Ким Чен Ын «барлығынан айрылып қалады» деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп.

Оның айтуынша, Ким Чен Ын «ақылды адам» және Сингапурде денуклеаризация туралы келісім қабылданған соң ол АҚШ президентімен ерекше байланысын үзбеуге тырысады. «Ол қасарыса берсе, көп нәрседен, тіпті барлығынан айрылып қалуы мүмкін» деп жазды Трамп.

Трамп пен Ким Чен Ын биыл 30 маусымда Пханмунджомда өткен кездесуде денуклеаризация жөніндегі келіссөздерді жалғастыру туралы келісті. Бұның алдында — ақпан айында Ханойдағы саммитте екі мемлекет басшысы ортақ келісімге келе алмаған еді. 5 қазанда АҚШ пен КХДР өкілдері Стокгольмде кездескен. Солтүстік Корея делегациясының басшысы Ким Мён Гиль келіссөздер сәтсіз аяқталды деп мәлімдеген, бірақ АҚШ мемлекеттік департаменті кездесу нәтижелі болды деп хабарлаған.

Трамптың бұл мәселені твиттерде қозғауының себебі бар. Бұның алдында Солтүстік Кореяның БҰҰ-дағы өкілі Ким Сонг АҚШ-пен келіссөздерде КНДР-дің ядролық қарудан бас тарту мәселесі қаралмайды деп мәлімдеген. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын келесі жылы «жаңа жол» басталады деп мәлімдеді. Бірақ оның нақты қандай бағыт екені әзірге белгісіз.

Биыл мамыр айынан бері Пхеньян кем дегенде 13 мәрте зымыран сынады.

centralasian.org

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »