Жамбылдық полицейлер әйелдер қауымына гүл таратты

0
17

Олар жолға шығып, қыз-келіншектер тізгіндеген көліктерді тоқтатып, 100 гүл ұсынды.

Жамбылдық полицейлер жүргізуші әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл шара тәртіп сақшылары арасында дәстүрге айналған. Олар жолға шығып, қыз-келіншектер тізгіндеген көліктерді тоқтатып, 100 гүл ұсынды. Тіпті жол жүру ережесін бұзған кейбір жүргізушілерге кешіріммен қарап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Соңғы жылдары өңірде көлік жүргізетін әйелдер қатары артқан. «Олар темір тұлпарды ер азаматтардан кем басқармайды», – дейді инспекторлар.

— Менде бірінші рет мұндай болып тұр. Таразға жұмыс бабымен қонаққа келген едім. Жолда жүру ережесін бұзбаған секілді едім. Қорқып кеттім. Рақмет! Қуаныштымын. Жұмыстарыңыз алға баса берсін. Шаршамаңыздар, — дейді көлік жүргізушісі Жазира Маманова.

— Әрқайсысына гүл сыйлаудамыз. Тараз қаласы бойынша қазір бізде 5 автоэкипаж, яғни 10 қызметкер дәл осындай іс-шарамен айналысуда. Осыған орай әйел азаматтарын халықаралық мейрамдарымен құттықтаймын. Жол ережесін бұзбай сақтап жүрсін, — деді полиция аға сержанты Дидар Қадіров.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, здесь введите ваше имя