Қырғызстанда коронавирусқа қарсы вакцина салатын 847 пункт ашылды

Қырғызстан үкіметі коронавирусқа қарсы вакцина салу науқанының басталғанын жариялады.

Қытайдан вакцина алған соң елде екпе салатын 847 уақытша пункт ашылды. Қырғызстандықтар вакцинаны емханаларда ғана емес, мемлекеттік, білім беру және қалалық мекемелерде, жекеменшік клиникаларда, сауда орталықтары мен базарларда салдыра алады. Бұған қоса шұғыл бригада жұмыс істейді.

Бішкек, Ош, Шолпан-Ата және Қаракөлде вакцина салу пунктері тәулік бойы ашық тұрады.

Бұл уақытта президент Садыр Жапаров республикалық шұғыл штабқа халыққа вакцина салу науқанын тездетуді тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Қырғызстанға Қытайдың коронавирусқа қарсы Sinopharm вакцинасының 1 млн 250 мың дозасы әкелінген. Үкімет шілденің аяғына дейін вакцинаның осыншама дозасы жеткізілетінін мәлімдеді.

Қырғызстанда коронавирусқа қарсы вакцина салу науқаны биыл 29 наурызда басталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, осы уақытқа дейін 129 175 адам вакцина салдырған, солардың 84 079-ы вакцинаның екінші дозасын қабылдаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий