Ғалымдар жасанды интеллект адамзаттың жойылуына себеп болуы мүмкін екенін ескертті

Технологиялық компаниялардың бірқатары, соның ішінде АҚШ-тағы Жасанды интеллект қауіпсіздігі жөніндегі орталық (Center for AI Safety), OpenAI және Google DeepMind жетекшілері, жасанды интеллект адамзаттың жойылуына әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті.

«Қоғамға қауіп төндіретін ядролық соғыс және індетпен қатар, жасанды интеллект те адамзаттың өркендеуін тежейтін қауіп ретінде қарастырылуы керек» деп жазылған орталық мәлімдемесінде.

Үндеуге 350-жуық ғалым, инженер және жасанды интеллект құру жөнінде зерттеу жүргізген компаниялар басшылары қол қойған. Олардың арасында OpenAI компаниясының басшысы, ChatGPT бағдарламасын дайындаған Сэм Олтмен және «жасанды интеллект атасы» саналатын ғалым Джеффри Хинтон де бар.

Ғалымдар қауымдастығы жасанды интеллекттің дамып бара жатқанына алаңдайтынын бұған дейін де мәлімдеген. Осының алдында мыңға жуық ғалым және технолог, солардың ішінде Илон Маск та, қауіпсіздік бағдарламасы әзірленбейінше жасанды интеллект жетілдіруді жарты жылға доғаруды сұраған.

Chat GPT — адаммен әңгімелесе алатын чат-бот немесе компьютерлік бағдарлама. Ол бірнеше айдың ішінде интернетте революция жасады. Жасанды интеллектке негізделген ччат-бот ақпарат іздеп, сауалдарға жауап береді. Ол түрлі тақырыптарға мәтін жазып, бағдарлама дайындай алады. Бұған қоса, чат-боттар бизнес-таныстыру мен жарнама мәтінін жазады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий