Жер орбитасынан бірінші рет туристерді алып шыққан Crew Dragon кемесі үш күндік сапарын қорытындылады. Туристік экипаж орналасқан капсула 18 қыркүйекте Атлантика мұқитына қонды.
Inspiration4 деп аталатын кеме НАСА-ның Кеннеди орталығынан 15 қыркүйекте ұшқан. Сапар толығымен автоматтандырылған.
Биыл шілде айында миллиардерлер Ричард Брэнсон мен Джефф Безос өздерінің компаниялары әзірлеген кемемен ғарышқа көтерілген.
Inspiration4 экипажын миллиардер Джаред Айзекман қаржыландырған және бірінші болып ғарыш барлық азаматтар үшін ашық болуы тиіс екенін іс жүзінде көрсетті.
Айзекман 38 жастағы тәжірибелі ұшқыш. Ол ғарышқа ұшу үшін SpaceX компаниясына қанша ақша төлегені белгісіз.
Барлық жобаның қаржысын көтерген команданың төрт мүшесі — миллиардер Джаред Айзекман, геолог Сиан Проктор, ВВС ардагері Крис Семброски және денсаулық сақтау жүйесінің қызметкері Хейли Арсено.
Олардың әрқайсысы төрт құндылықтың: лидерлік — миссия басшысы Айзекман, бала кезінде қатерлі ісік ауруын жеңген Хейли — үміттің, геолог Сиан Проктор — гүлденудің, бұрынғы армия қызметкері Крис Семброски — кеңпейілділік символы ретінде белгіленген.
Inspiration4 экипажы отырған капсула орбитаға 575 шақырым көтерілді. Бұл халықаралық ғарыш станциясынан жоғары қашықтық.
Ұшу кемесі толық автоматтандырылған болса да, туристер сапарға алты ай дайындалды.
Адамзат Жер орбитасынан ғарышқа алғаш рет ХХ-ғасырда, 1961 жылдың 12 сәуірінде ұшқан. Совет одағының азаматы, ұшқыш Юрий Гагарин ғарышты 108 минөт ұшудан кейін Жерге аман-есен оралған.
Splashdown! Welcome back to planet Earth, @Inspiration4x! pic.twitter.com/94yLjMBqWt
— SpaceX (@SpaceX) September 18, 2021