Құқық қорғаушылар: Украинадағы соғысқа абақтыдағы күдіктілерді үгіттеп жатыр

Иллюстративное фото

Ресейдегі тергеу изоляторларында күдіктілер мен айыпталушыларды Украина аумағындағы соғысқа баруға үгіттей бастады. Соғысқа баруға келіскендердің қылмыстық ісі тоқтатылады, деп хабарлады адам құқықтарын қорғаушы, «Русь сидящая» қорының негізін қалаушы Ольга Романова.

Романова Подмосковьедегі бірнеше тергеу изоляторындағы нақты оқиғалар туралы мәлімет алған. Gulagu.net жобасының негізін қалаушы Владимир Осечкин осындай тәжірибе барын растады. Оның айтуынша, жобаға түскен мәліметтерде Мәскеу қаласы мен облысында, Санкт-Петербургте, Рязанда, Тверь мен Брянскіде осындай жайттар болғанын айғақтайтын ақпараттар бар.

Шілде айында ақпарат құралдары Украинадағы соғысқа Ресейдегі колонияларда отырғандарды үгіттеп жатқанын хабарлаған. Атап айтқанда, мұндай іспен «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясы айналысып жатыр.

«Вёрстка» жобасы мен «Русь сидящая» қорының есептеуінше, осы уақытқа дейін «Вагнер» өкілдері Ресейдің 13 аймағындағы 21 колонияда болған.

«Вагнер жекеменшік әскери компаниясы» – Ресейдегі ресми емес әскери бөлім. Ол әскери мекемелер мен заңды тұлғалар тізімінде жоқ, бірақ оның сарбаздары Ресейдің Сириядағы әскери операциялары мен Украинадағы соғысқа қатысып жүр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий