«Құмтөр Голд Компанидің» бұрынғы басшысы үйқамаққа шығарылды

«Құмтөр Голд Компани» компаниясының бұрынғы басшысы Теңіз Бөлтірік прокуратура өтініші бойынша үйқамаққа шығарылды.

Мұндай шешім 30 сәуірде Бішкектің Октябрь аудандық сотында қабылданды.

Бас прокуратура Бөлтірік және онымен бірге істеген бірнеше адам «Құмтөрдегі» коррупцияға байланысты қамалғанын 2022 жылы 13 қыркүйекте мәлімдеген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысында отырған бұрынғы басшысының босату жөніндегі өтініші бірнеше рет қанағаттандырылмаған.

Оның әйелі Илмира Алпысбаева күйеуінің денсаулығының нашарлап жатқанын хабарлаған.

Канадалық инвестор «Центерра» басқарып келген Құмтөр алтын кенін Қырғызстан үкіметі 2021 жылы өзінің бақылауына алған. Оны басқару Директорлар кеңесінің мүшесі болып істеген Теңіз Бөлтірікке берілген. Кейін оған «Ұлы көшпенділер мұрасы» ұлттық холдингін басқару құқығы да берілген.

Өлкенің Есеп палатасы «Құмтөр Голд Компанидің» Бөлтірік басқарып тұрған уақыттағы есебін жариялаған. Онда қайырымдылық қорларына есепсіз миллиондар жіберілгені анықталған.

Аудиторлар 2022 жылдың мамыр айында Теңіз Бөлтірік төрт баласының және әйелінің Канадаға әуебилетін компания есебінен төлеп берілгені де жазылған. Оған 1 миллион 45 мың сом аударылған. Бірақ ол бұл бойынша есеп берген емес.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий