«Құмтөр ісі» бойынша қамалған Жогорку Кеңештің бұрынғы екі депутаты Талантбек Узакбаев пен Алмазбек Баатырбеков тергеу ісімен қызметтесу туралы қолхат жазып бергеніне байланысты үйқамаққа шығарылған.
Мәлім болғандай, экс-депутаттар мемлекеттік бюджетке ондаған миллион сом қаражат бөлетін болған.
Маусым айының басында Узакбаев пен Баатырбеков екі ай мерзімге қамауға алынған.
Құмтөрге байланысты осыған дейін депутаттар Асылбек Жээнбеков, Төрөбай Зулпукаров, бұрынғы депутаттар Исхак Пирматов, Талант Узакбаев, Алмазбек Баатырбеков және экс-премьер-министр Өмүрбек Бабанов, президенттің бұрынғы аппарат башчысы Данияр Нарымбаев қамауға алынған.