Құрылысы жүріп жатқан «Жаңа Өзбекстанның» баспалдағы опырылып түсті

Қарақалпақстанда Қаңлыкөл ауданының әкімшілігі жаңадан салынып жатқан көп қабатты үйдің бір баспалдағы опырылып түскенін, қалғандары да құлайын деп тұрғанын растады. Бұның алдында «Жаңа Өзбекстанда» түсірілген видео әлеуметтік желілерде тараған.

Ресми мәліметке қарағанда, «Жаңа Өзбекстан» кешеніне кіретін бес қататты үйдің үшінші қабатындағы баспалдақ 3 ақпанда ғана орнатылып, төрт күннен соң опырылып түскен.

Құрылысы жүріп жатқан үйдегі басқа да баспалдақтар құлағалы тұрғаны анықталған. Өзбекстан құрылыс жөніндегі министрлігі баспалдақтарды монтаждау кезінде қате кеткен деп мәлімдеді.

Аудан әкімшілігіндегілер бұл баспалдақтарды «Тақиятас Тау-Кита» құрылыс зауытынан алғанын айтып отыр. Баспалдақтың опырылып түскенін естіген кәсіпорын басшылығы оны қалпына келтіруге келіскен.

«Құрылыс басында ешкім зардап шеккен жоқ. Прокуратура мен басқа да тиісті мекемелер тексеріп жатыр», — деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Бұның алдында әлеуметтік желілерде Ташкенттің Мырзо-Ұлықбек ауданында 2017 жылы бой көтерген үйдің қабырғалары жарылғаны туралы виде тараған. Аудан әкімдігі мен Құрылыс министрлігі бұл үй талаптарға сай салынбағанын мәлімдеген. Оның құрылысына жауапты адам 8 жылға сотталған.

Жақында жергілікті ақпарат құралдары Әндіжанда тұрғын үй құрылысы кезінде ең жоғарғы екі қабаттың едені опырылып түскенін хабарлаған. Құрылыс министрлігі жоғарғы қабаттар заңсыз тұрғызылғанын, олардың бастапқы жобада көрсетілмегенін хабарлаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий