Қайтарымсыз қаржы аламын деп, 800 мың теңгесінен айырылды

2022 жылдың 20-қарашасында, Қаратау АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, алты айдан бергі танысы «Мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржы (грант) 10 000 000 (он миллион) теңге алып беремін» деп, 800 000 (сегіз жүз мың) теңге ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын жазып көрсеткен.

Аталған дерек ҚР ҚК-тің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 35 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Тергеу барысында ұсталған азаматша заңсыз әрекетке қаражаттан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді.

Қазіргі уақытта күдіктінің алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий