Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев пен Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязходжаев экономикалық байланысты дамыту мен нығайту мәселесін талқылады.
Бүгінгі күнде Қарағанды облысында өзбекстандық әріптестермен бірлескен 25 кәсіпорын бар. Олар сауда, құрылыс, өндіріс және ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейді.
Қарағанды облысы әкімінің сөзіне қарағанда, екі жақты қарым-қатынастың сәтті мысалы тұрмыстық техника шығаратын Artel Electronics зауытының құрылысы. Бұл жобаға 21 млрд теңге инвестиция құйылып, 1500 жұмыс орны ашылмақ.
Келіссөз барысында өзбек мигранттарын маусымдық жұмысқа Қарағанды облысына тартуға келіскен.