Қарақалпақстан аумағына енгізілген төтенше жағдай алынды

21 шілдеден бастап Қарақалпақстан аумағында наразылыққа байланысты енгізілген төтенше жағдай алынды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің Жоғарғы Кеңестің «аумақта тәртіп орнады, азаматтардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді енді мерзімінен бұрын төтенше жағдайды алып тастау жөніндегі» өтінішін қабылдады.

Осының алдында Жоғарғы Кеңес депутаттары өзбек президентіне үндеу жолдап, төтенше жағдай кезінде ұсталған азаматтарды босатып, кешірім жасауын сұраған.

Өзбек билігінің мәліметінше, 1-2 шілдеде Нөкісте болған наразылық кезінде 18 адам қайтыс болып, 243 адам жараланған. Олардың ішінде 38 құқық қорғау органдары қызметкері бар.

Наразылық акциясынан кейін 516 адам ұсталғаны хабарланған.

Қарақалпақстан астанасы Нөкіс қаласындағы толқулар 1 шілдеде басталды. Халық наразылығына Конституциядағы Қарақалпақстан егемендігі туралы бапты жоюды қарастыратын конституциялық заң жобасы түрткі болды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий