Қарақалпақстандағы оқиға бойынша тікелей желі іске қосылды

Қарақалпақстандағы қаралы оқиғаны тергеу жөніндегі парламенттік комиссия тікелей желі іске қосылғанын хабарлады. Азаматтар 1374 нөміріне хабарласып, шілденің алғашқы күндері не болғанын баяндай алады. Бұл туралы Газета.уз омбудсмен кеңсесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Комиссияны омбудсмен Феруза Эшматова басқарады. Осындай комиссия құру туралы шешімді парламенттік қос палатасы 15 шілдеде қабылдап, ол 16 шілдеде Қарақалпақстанда жұмыс істей бастады.

Азаматтар қысқа нөмірге хабарласу арқылы Қарақалпақстандағы жағдайды айта алады. Ресми мәлімет бойынша, Нөкісте 1-2 шілдедегі наразылық кезінде 20-ға жуық адам қаза болып, 250-ге жуық адам жараланды. 500-ден астам адам ұсталғаны хабарланды, олардың дені әкімшілік жауапкершілік туралы хаттама толтырылған соң босатылған.

8 шілдеде Бас прокуратура қылмыстық іс аясында 14 адам ұсталғанын хабарлады. Оларға «билікті басып алу немесе конституциялық құрылымды өзгерту мақсатында ұйымдасу» және басқа да баптар (қандай баптар екені айтылмады) бойынша айып тағылған.

Бұның алдында парламенттік комиссия құрамы жарияланған. Өзбек билігі комиссия зерттеуінің нәтижесін Өзбекстан қоғамы мен әлемдік қауымдастыққа таныстыруға уәде берген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий