Қарақалпақстанда төтенше жағдай тәртібі жұмсарды

Өзбекстан президентінің жарлығымен Қарақалпақстан аумағында жарияланған төтенше жағдай тәртібі жұмсарды.

Президент баспасөз қызметінің 13 шілдеде хабарлауынша, Қарақалпақстан Республикасында жағдайдың тұрақталуына байланысты 21:00 мен 07:00 аралығындағы комендант сағаты 23:00 мен 05:00 аралығы болып өзгертілді.

Ресми мәліметке қарағанда, 2022 жылғы 2 шілдеде қабылданған жарлыққа өзгеріс енгізу туралы жарлық парламентке жолданды.

Өзбек билігінің мәліметінше, 1-2 шілдеде Нөкіс қаласындағы наразылық кезінде 18 адам қаза болып, 243 адам жараланды. Халықтың жаппай наразылыққа шығуына Конституцияда Қарақалпақстан «егемендігі» мәртебесін алып тастау туралы ұсыныс себеп болды. Наразылық акцияларынан соң 516 адам ұсталды.

Осы оқиғадан соң Қарақалпақстанда бір ай төтенше жағдай жарияланды. Өзбекстан Ұлттық ұлан қолбасшысы Рүсте Жураев комендант болып тағайындалды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий