Қаракөл қаласы — ТМД-ның 2022 жылғы мәдени астанасы

Қырғызстанның Ыстық-Көл облысына қарасты Қаракөл қаласы ТМД-ның 2022 жылғы мәдени астанасы атанды.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, ұйымның мәдени астанасы мәртебесі Душанбеден Қаракөл қаласына өтті. Достастық елдерінің мәдени астанасын жариялау салтанаты 18 желтоқсанда Душанбедегі опера және балет театрында өтті.

Қырғызстанның Тәжікстандағы елшісі Медер Соорбеков 2022 жылы Қаракөл қаласы гүлдене түсетінін мәлімдеді.

Қаракөл — Ыстық-Көл облысының астанасы, Қырғызстандағы төртінші ірі қала. Бұған дейін қала Пржевальск деп аталған. 2019 жылы жазда Қаракөл 150 жылдығын атап өтті.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий