Қазақстан Қырғызстанмен шекара бақылауын қайта күшейтпек

Қазақстанның мемлекеттік кіріс комитеті қырғыз жүк тасымалдаушылары тарапынан контрабанда көбейгенін айтып, шекарадағы бақылауды қайта күшейтетінін мәлімдеді.

Бірнеше апта бұрын ғана тараптар жүк көліктерін шекарадан өткізуді жеңілдетуге келіскен.

Қазақстан тарабы бұл жеңілдікті пайдаланып, бірқатар қырғыз кәсіпкерлері өздерінің көлеңкелі схемаларын қолданып жатыр деп мәлімдеді. Мәселен 28 сәуірде Қырғызстаннан келген жүк көлігінде 1,1 млн дана қолдан жасалған Беларусьтің акциз маркасы анықталған. Сонымен бірге ұсталған көлікте екі мыңнан астам анықталмаған тауар шыққан. Олардың арасында видеобақылау құрылғысы, киім-кешек және спорт тауарлары табылған.

Қазақстанның кіріс комитеті жеңілдетілген ереже орнағаннан кейін Қырғызстаннан Ресейге жол тартқан бірақ жолда Қазақстанда қалып жатқан заңсыз майнинг құрылғылар, электронды темекілер анықталды дейді.

«Мұндай заңсыз әрекеттер ЕАЭО-ға мүше елдердің бюджетіне кері әсерін тигізеді, сол себептен бақылау қайта күшейеді», — деп мәлімдеді қазақ тарабы.

Қырғызстанның ресми тарабы әзірге жауап бермеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий