Ташкент облысында Қазақстанмен шекарадағы “Яллама” өткізу бекеті 2020 жылға дейін жабылады.
Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі таратқан ақпаратқа сәйкес, «Б.Қонысбаев» атындағы өткізу бекеті қайта жөндеу жұмыстарына байланысты биыл 1 қарашадан бастап жабылады.
Осыған байланысты Өзбекстанның кеден комитеті тауар тасымалдаушыларға, ауыр және жеңіл көлік жүргізушілеріне қазақ-өзбек шекарасындағы өзге өткізу бекеттерін пайдалануға кеңес береді.
«Б.Қонысбаев» өткізу бекеті Ташкент облысы Чиназ ауданындағы «Яллама» өткізу бекетімен түйіседі.