Қазақстан Германияға мұнайдың алғашқы партиясын ақпанда жөнелтеді

Қазақстан 20 мың тонна мұнайдың алғашқы партиясын Германияға ақпанның алғашқы жартысында жөнелтеді. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді.

«Алғашқы партияны қаңтардың аяғында жеткіземіз деп ойладық, бірақ біраз техникалық кедергілер болды», — деді министр.

Осыған дейін Қазақстан 2023 жылдың бірінші тоқсанында «Транснефть» орыс компаниясының мұнайқұбыр желісі арқылы Германияға 300 мың тонна мұнай жеткізетінін хабарлаған. Онда «ҚазТрансОйл» компаниясы Ресей аймағы арқылы Германияға мұнай жеткізуге бұл елдің энергетика министрлігінен рұқсат алғанын білдірген.

Қазақстан Германияға мұнайдың алғашқы партиясын қаңтарда «Атырау – Самара» және «Дружба» мұнай құбырлары арқылы жеткізуді жоспарлаған.

Осының алдында Ақшолақов Қазақстан 2023 жылы Германияға 1,5 миллион тонна мұнай экспорттауды көздеп жатқанын жеткізген.

Былтыр қарашада Қазақстан 1 қаңтардан бастап Каспийден Жер орта теңізі жиегіндегі Түркия портына баратын құбыр арқылы 1,5 миллион тонна мұнай экспорттауды жоспарлап жатқаны хабарланған.

Қазақстан үкіметі биыл 90,5 миллион тонна мұнай өндіріп, оның 71 миллионын экспорттауды жоспарлап жатқанын мәлімдеген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий