Қазақстан мен Қырғызстан су мен электр қуатын алмасуға келісті

Қазақстан премьер-министрінің ресми сайтында хабарланғандай, үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Су кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Жиналыста «Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету және Қырғыз Республикасымен электр энергиясын алмасу» мәселелері талқыланған. Су кеңесінің отырысында қазақ және қырғыз тараптары электр қуаты мен су алмасуға келіскені айтылған.

Қырғызстанның ресми органдары әзірге бұл тақырып жөнінде мәлімет таратпады.

Еске салайық, 2021 жылғы желтоқсанның басында Қазақстанның сол кездегі премьер-министрі Асқар Мәмин Қырғыз үкіметінің басшысы Ақылбек Жапаровпен кездесіп, Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету үшін жазда қосымша су жібергеніне алғыс айтқан. Қырғызстан үкіметі таратқан хабарламада ол туралы ештеңе айтылмады.

Қырғызстандағы сарапшылар сол кезде су тапшылығын көрген Қырғызстанның Қазақстанға қосымша су жібергенін сынаған, өйткені Тоқтоғұл қоймасындағы су деңгейі азайып кеткен.

Суды үнемдеу үшін Қырғызстан үкіметі көрші елдерден электр қуатын алуға мәжбүр болды. Қырғызстан биыл да электр энергиясын көрші елдерден алады. Бішкек Қазақстан, Өзбекстан және Түркіменстанмен 3 млрд кВт/с элект энергиясын алу жөнінде келісіп қойды.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий