Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау жұмысы сәтті аяқталды. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осылай деп мәлімдеді.
Шенеуніктің айтуынша, екі ел арасындағы келісім 4 шілдеде күшіне енді.
«Келісім-шартқа 2022 жылғы 2 желтоқсанда Ташкентте екі елдің басшылары қол қойды, парламенттер мақұлдады. Келісімнің күшіне енуі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі 19 жылға созылған жұмыстың аяқталғанын білдіреді» дейді Айбек Смадияров.
СІМ өкілінің айтуынша, 2357 шақырымдық шекарада 1301 шекара белгісі орнатылған.
Смадияров бұл оқиға мемлекеттік шекара ауданындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты арттыратынын атап өтті.