Қазақстан Орталық Азияның өз Amazon-ын құруды ұсынды

Қазақстан Орталық Азия елдеріне Amazon, e-Bay, Alibaba және AliExpress секілді ғаламдық электронды сауда платформаларына шығу үшін күш біріктіруді ұсынды.

Қырғызстан экономика және сауда министрлігінің хабарлауынша, бұл мәселе Нұр-Сұлтан қаласында «Ұлттық жол карталарынан аймақтық реформаларға дейін» семинарында талқыланды. Тараптар Орталық Азия елдерінің бірыңғай электронды сауда платформасын құру тұжырымдамасын қарауға дайын екенін айтты.

Бұған қоса, семинарда аймақ елдері арасындағы сауданы арттыру, шекарадағы кедергілерді шешу мәселелері де сөз болған. Орталық Азия елдерінің өнімдерін Еуроодақ нарығына бірге шығару мәселесі де көтерілген.

Еске салайық, шамамен бір жыл бұрын америкалық Amazon компаниясы Орталық Азия елдеріндегі тауар өндірушілерге өз аумағында тікелей тіркеліп, соның көмегімен өнім сатуға рұқсат берген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий