Қазақстан орыс астығы транзиті үшін тарифті көтермеді

Қазақстанда ресейлік астық транзитінің тарифі қымбаттамады. Бұл жөнінде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы хабарлады.

«Соңғы төрт жылдан бері ресейлік астықты Қазақстан аумағына жеткізу тарифі өзгеріссіз қалып отыр», — деп хабарлады ҚТЖ.

Ұлттық компания мәліметінше, жыл басынан бері Ресей астығын Қазақстан аумағына тасымалдау көбейген. Соңғы 10 айда өткен жылмен салыстырғанда 24 процентке өскен.

Осының алдында Ресейлік БАҚ «Ресей темір жолы» компаниясы Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерінің транзиті тарифін түсіруді сұрады деп жазған. Онда «Ресей үшін Орталық Азия елдеріне астық жеткізу жабық» делінген.

Еуразиялық экономикалық одақ талабына сәйкес, транзит тарифі ТМД саясатын сәйкес жүзеге асады.

Ресей астық одағының вице-президенті Александр Корбуттың сөзінше, Батыс елдері санкцияларынан кейін, астықты Қазақстан арқылы жеткізу тиімсіз. «Себебі, Қазақстан біздің өнімді өзге елдерге қайта сатып, пайда табуы мүмкін» дейді.

Қазақстан 10 қыркүйектен бастап астық пен ұн экспортына биыл өнім жоғары болады деп, тыйымды алып тастаған. Сәуір айында Ресейге салынған санкцияларға байланысты бидай қымбаттап, үкімет астық экспортына тыйым салған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл 13 млн тоннадан астам астық жинаймыз, бұл былтырғыдан 12 процентке көп деп болжаған. Ішкі сұраныс 6,5 млн тонна деп болжанады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий