Қазақстан ресейлік секс-тренер Алекс Леслидің келуіне тыйым салды

Қазақстан полициясы Алекс Лесли деген атпен танымал ресейлік секс-тренер Александр Кирилловқа елге келуге тыйым салды.

Қазақстанда қоғам белсенділері оның келуіне қарсылық білдірген.

Консервативті қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек «ресейлікке кез келген есікті жабуы тиіс» деп, «қазақ қыздарын ретсіз қарым-қатынасқа үйретеді» деген пікірін жеткізген.

Полиция қоғамдық қарсылықтан соң, оның келуіне тыйым салынғанын растады.

Лесли 2019 жылы Таиландта және Ресейде ұсталғаннан кейін көпшілікке танымал болған. Оның серігі Настя Рыбка Ресейдің АҚШ сайлауына араласқанын растайтын аудио және видео жазбалары бар екенін мәлімдеген. Ол бұл әңгіме миллиардер Олег Дерипаска мен Ресей премьер-министрінің орынбасары Сергей Приходькомен яхтада демалыс кезінде айтылғанын жеткізген.

Алексей Навальный командасы бұл оқиғаға қатысты зерттеу жүргізіп, Рыбка мен Леслидің ұсталуына Олег Дерипасканың себепші болғанын анықтаған. Кейін олар босатылған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий