Қазақстан ресейлік журналист Тигран Кеосаянның елге кіруіне тыйым салуы мүмкін

Пресс-секретарь Министерства иностранных дел Казахстана Айбек Смадияров

Қазақстан ресейлік журналист Тигран Кеосаянның елге кіруіне тыйым салуы мүмкін. Бұл жөнінде сәрсенбі күні сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

«Ресейлік журналист Тигран Кеосаянның намысқа тиетін объективті емес мәлімдемесі назар аудартады. Оның мәлімдемесі бәлкім, Ресей қоғамы мен саяси истеблишментінің белгілі бір бөлігінің көзқарасын білдіретін болар, бірақ екі ел арасындағы әріптестік пен келісімдердің бағыты мен мазмұнына қайшы. Мұндай мәлімдемелер екі ел арасындағы тату көрші қатынасқа зиянын тигізіп, стратегиялық әріптестікті жақтамайтындардың сойылын соғады. Ол Қазақстанға кіруі тиіс емес адамдардың тізіміне енгізілетін болар» деді министрлік өкілі Айбек Смадияров.

Кеосаян 24 сәуірде бағдарламаларының бірінде қазақстандықтар «Украинадағы жағдайға мұқият қарап, сабақ алуы тиіс», ал Ресейдегі жауапты тұлғалар екі ел арасындағы өзара қарым-қатынасты қайта қарауы тиіс деп қоқан-лоқы жасаған. Бұл қоғам арасында қызу талқылау туғызған.

Кейінгі кезде Ресей саясаткерлері мен орыс қоғамына «танымал тұлғаларының» Қазақстанға қарата айтылған «қоқан-лоқы» сипатындағы мәлімдемелері жиілеген. Наурыздың соңында Мәскеу қалалық думасының депутаты Сергей Савостьянов Украина үлгісі бойынша Қазақстанды да «денацификациялау» және «демилитаризациялауға» шақырған. Қазақстан СІМ ведомство тек «федералдық деңгейдегі мәлімдемелерге» ғана реакция білдіреді деген.

Мәскеумен одақтас ел саналатын Нұр-Сұлтан 24 ақпанда Украинаға қарсы Ресей ашқан соғысты айыптаған жоқ. Наурызда Ресей әскерін Украинадан шығаруды талап ететін екі қарар бойынша дауыс бергенде Қазақстан қалыс қалды. Орталық Азиядағы бұрынғы совет республикасы Украинадағы жанжал бойынша бейтараптық сақтауға тырысып келеді.

Дегенмен Қазақстан билігі жекелеген мәлімдемелерінде Украинаның территориялық тұтастығын мойындайтынын, Украина шығысындағы сепаратистік құрылымдардың «тәуелсіздігін» мойындамайтынын айтқан.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий