Қазақстан Түркіменстаннан қызанақ пен бұрыш әкелуге тыйым салды

Қазақстан Түркіменстаннан қызанақ пен бұрыш әкелуге уақытша тыйым салды. Бұл туралы елдің ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.

Министрлік таратқан мәлімдемеде бұл шара қызанақ пен бұрыштан карантиндік организмдер табылған жағдайлар көбейгеніне байланысты қабылданған.

Карантиндік-фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында Түркіменстаннан келген қызанақтардан вирус (Tomato brown rugose fruit virus (ToBRFV) табылған 19 жағдай тіркелген.

Қазақстан бұл жайында Түркіменстанға ресми хат жіберген. Осыған дейін Ресейден де Түркіменстаннан келген қызанақтардан вирус табылған. Ресей Түркіменстаннан келген ондаған тонна қызанақты жойған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий