Қазақстан тұрмыстағы зомбылық үшін қылмыстық жазаны күшейткісі келеді

Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы тұрмыстағы зорлық үшін жазаны күшейтуді көздейтін заң жобасын талқылады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, тұрмыстағы зомбылық жасағандарға, атап айтқанда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зақым келтіргендерге қатысты жаза күшейтіледі. Қылмыс кодексінің 106 бабы негізінде мұндай қылмысқа үш жылдан сегіз жылға дейінгі жаза белгіленген. Жаңа заң жобасы жазаны алты жылдан 10 жылға дейін көбейтуді көздейді.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, тұрмыстағы зорлық – Қазақстандағы ең күрделі мәселе. Жыл сайын полицияға үйдегі зорлық жөнінде 100 мыңға жуық арыз түседі, арызданушының басым бөлігі – әйелдер.

Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, 2022 жылдың 10 айында денсаулыққа орта және ауыр жарақат салу бойынша 794 іс қозғалған, 93 әйел қаза тапқан. Биыл жыл басынан бері отбасындағы кикілжің салдарынан 18 адам мерт болған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий