Қазақстандағы белсінделер хиджамаға тыйым салуды талап етті

Қазақстандағы белсенділер биліктен бейресми медицинаны заңсыз деп тануды талап етті. Мұндай бастаманы көтеруге әлеуметтік желілерде таралған бейнеролик себеп болды.

Видеода балаларға жасалған хиджама — қан шығару әдісі көрсетілген. Ғалымдар мұндай әдістің денсаулыққа пайдасы дәлелденбеген десе, дәрігерлер де хиджаманы жиі сынайды.

Балалардың жылаған даусының үстіне көңілді музыка қосып монтаждалған бейнероликтер Атырау қаласындағы жекеменшік медициналық орталықтың жеке аккаунтына жүктелген. Осы орталықта істейтін бір әйел бейресми медицинаға жататын хиджама әдісін бірнеше адамға жасаған. Олардың арасында кішкентай сәбилер де бар. Видеолардың бірінде сәбидің бетін тілу арқылы қан шығару әдісі көрсетілген.

«Ана әрі әйел ретінде маған бейнероликті көру ауыр тиді. Онда бала қанын шығарған видео да болды. Қорқынышты. Олар мұндай әдісті видеоға түсіріп, жүктеуге, сол арқылы жарнама жасауға, шаман әдісін насихаттауға рұқсат берген», — дейді «НеМолчи.kz» қоғамдық қорының басшысы Дина Смайылова.

Қан шығару әдісін қолдануға болмайтын жағдайлар көп. Қатерлі ісік, жүрек пен қан тамырлары аурулары мен анемияға шалдыққандарға мұндай әдісті қолдануға болмайды. Хиджама бала денсаулығына кері әсер етеді. Осындай әдісті пайдаланатындар қан шығарған соң бала бірден тыныштанып қалатынын жиі айтады.

«Адам ағзасы қансырап, ауыр ауру сезімін бастан өткерген соң қайта қалпына келуге тырысады. Науқасқа ота жасаған кейін де олар ұзақ демалады. Олардың ұйқысы тыныш болады», — деп түсіндірді неонатолог дәрігер Владислав Гусев.

Қан шығару әдісінен соң балалардың шыңғырған даусын естіген әлеуметтік желі қолданушылар хиджаманы сынады. Олар мемлекеттік органдардан Атырауда ғана емес, Қазақстанның барлық өңіріндегі бейресми медицинаға тыйым салуды талап етті.

Денсаулық сақтау министрлігі бейресми медицинамен күресуге асығар емес.

«Медициналық көмектің лицензиясы бар түрлеріне хиджама жатпайды. Сол себепті осы оқиға бойынша комитет зерттеу жүргізеді. Одан кейін де осы мәселені қарауды тоқтатпаймыз», — Қазақстан денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Интернеттің Қазақстандағы сегментінде хиджамаға қатысты жүздеген ұсыныс бар. Оның денсаулыққа пайдасын дәлелдейтін ешқандай салмақты зерттеу жоқ. Ал осындай әдістен кейін науқастардың жағдайы күрт нашарлағаны туралы мәліметтер жиі кездеседі.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий