Қазақстандағы түрмелер мен тергеу абақтыларында бақылау камералары орнатылады

27 ақпанда Қазақстанда түрмелер мен тергеу изоляторларында, сонымен бірге полицияның қызметтік бөлмелерінде бейнебақылау жүйесін орнату тәртібі бекітілген.

Бұл туралы 6 наурызда Бас прокуратура хабарлады.

«Бейнебақылау жүйесі мекемеге келушілер жүретін жерлер мен қамауда ұстау бөлмелеріне де орнатылады. Жеке тазалық бөлмелеріне камера қойылмайды», — деп хабарлады құзырлы орган.

Прокуратура бейнежазбаларды көріп отыратын, бұған қоса заң бұзушылыққа жол бермеуге шешім қабылдайтын қызметкерлер тізімін дайындап жатыр.

«Мұндай шаралар Қазақстан мақұлдаған халықаралық азаптауға қарсы актілерге сай келеді», — деп хабарлады бас прокуратура.

Бейнежазбаны адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыптаушылар, соттар және басқа да органдар дәлел ретінде пайдалана алады.

Бейнемұрағатты сақтау орган жетекшілерінің тікелей жауапкершілігіне жүктелген.

Жабық мекемелерде бақылау камералары орнатылмағаны 2022 жылғы Қанды қаңтар оқиғасынан соң жиі айтыла бастады. Қаңтар оқиғасында 200-ден астам адам қаза болды. Әскерилер мен полиция қызметкерлері үкіметке қарсы наразылықты күшпен басуға қатысты. Мыңдаған азамат ұсталды, жүздеген адам азапталғанын айтты, бірақ шағымдар негізінде қозғалған қылмыстық істердің көбі дәлел жоқтығынан жабылды. Билік әйелі азаптау оқиғалары болғанын жоққа шығаруға тырысты, бірақ кейін бұлтартпас дәлел көбейіп кеткен соң полиция бөлімдері мен тергеу изоляторларында бірнеше азамат азапталғанын мойындауға мәжбүр болды.

Қазақстанда азаптауға қатысты істердің дені сотқа жетпейді. Адам құқықтарын қорғаушылар елде кісі азаптағандар жазадан құтылып кетіп жатқанын жиі айтып жүр.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий