Қазақстанда қару-жарақ дүкенінің иесі төрт адамның өлімі бойынша 5 жылға сотталды

Қостанайда төрт адамның өмірін алған қару-жарақ дүкеніндегі жарылыс бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы жергілікті басылымдар жазды.

Үкімге сәйкес, «Сатурн-2012» кәсіпорнының директоры Сергей Бескровный бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сот ол өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай, төрт адамның өліміне себеп болғанын білдірді.

Бескровный өзіне тағылған айыпты мойындамады. Оның адвокаты тергеу жарылыс себебін анықтай алмады дейді. Сот барысында олар үшінші жақ кінәлі болуы мүмкін екенін білдірді. «Костанайские новости» басылымы білдіргендей, дүкен директоры «жарылысқа жарылғыш зат себеп болуы мүмкін» дегенді айтты.

Бұл іс сотта биыл қаңтар айында қарала бастаған.

Іс материалдарына сәйкес, 2022 жылдың 2 қыркүйегінде Теміртау қаласынан жүк, оның ішінде 40 келі оқ-дәрі келген. Ертесі жұмысшылардың бірі жүкті дүкенге жеткізген. Айыптаушы тараптың айтуынша, 3 қыкүйекте Бескровный қызметкерін дүкеннің жертөлесіне жіберген, онда бірнеше минөттен кейін жарылыс болған. Дүкен жертөлесінде 40 келі оқ-дәрі салынған құты жарылған.

Жарылыстан төрт адам қаза тауып, тағы алты адам жарақат алды. Жарылыс кезінде Бескровныйдың денесінің 50 пайызы күйіп, Астанаға медициналық авиациямен жеткізілгені хабарланған. Жарылыс нәтижесінде бір қабатты ғимараттың 2000 мың шаршы метрін өрт шарпыған. Ресми мәлімет бойынша азаматтардың мүлкіне 491 миллион теңгеден астам зиян келген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий