Қазақстанда COVID-19 вирусына қарсы екінші қайтара екпе алуға рұқсат берілді

Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирусқа қарсы екпенің толық курсын қайтадан алуға рұқсат беру жөніндегі қаулыға қол қойды.

Қаулыға сәйкес, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған екпелерді екінші қайтара алуға болады әрі бұл адамның өз еркімен жүзеге асады.

Алғашқы екпе мен екінші екпенің арасы үш айдан кем болмауы тиіс.

Денсаулық сақтау министрлігі екпені екінші қайтара алу процесі тұрғындардың өтініші бойынша жүзеге асып жатқанын атап өтті.

Осыған дейін ДДСҰ мақұлдаған екпелерді екінші қайтара алуға тек шетелге шығатындарға ғана рұқсат беріп келген.

Қазақстанда COVID-19 вирусына қарсы VeroCell (Sinopharm) және Сomiranty (Pfizer) екпелерін екінші қайтара алуға болады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий