Қазақстанда депутаттар мен министрлердің айлығы 5 жылға дейін өспейтін болады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда жаңа үкімет құрамымен өткізген жиналыс кезінде министрлер, депутаттар және аймақтағы басшылардың айлығын көбейтуге бес жылға тыйым салуды ұсынды.

Президент шенеуніктер онсыз да жақсы айлық алады деді.

Тоқаев сөзінде шенеуніктерді халықпен байланыс орната алмайды деп сынға алды. Оның сөзінше, үкімет мүшелері облыс, аймақтарға жиі сапарға шығып, халықпен жүйелі түрде кездесіп тұруы керек.

Ол елдің бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында белгілі топтардың шектен тыс байығанын, енді ол қаржыны елге қайтаратын кез келгенін айтқан.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий