Қазақстанда экс-қорғаныс министрі қамауға алынды

Нұр-сұлтан қаласында бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ел ішіндегі тәртіпсіздік кезінде өз міндетін атқармағаны үшін ұсталып, қамауға алынғаны хабарланды.

ҚР аумағындағы қаңтар айындағы жаппай тәртіпсіздік және терроризм актілері бойынша қылмыстық істерді тергеу кезінде ҚР бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов қиын сәтте өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны анықталды.

19 ақпанда Бас прокуратура тарапынан оған қарсы «биліктің әрекетсіздігі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған.

19 қаңтар күні Қасым-Жомарт Тоқаев Бектановты Қорғаныс министрі қызметінен босатып, орнына Руслан Жақсылықовты тағайындаған еді.

«Министр Бектанов қиын сәтте командирлік қасиетін көрсеткен жоқ. Командалық-штабтық және әскери оқу-жаттығулар барысында жақсы нәтиже көрсеткен армияға ие бола отырып, біз қиын жағдайда оның әлеуетін пайдалана алмадық және сырттан көмекке жүгінуге мәжбүр болдық»,- деген президент.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий