Қырғыз үкіметі Қазақстаннан мың автобус сатып алуға қаражат тапты

Екі мың автобус сатып алуға қаражат табылды, деп мәлімдеді қырғыз министрлер кеңсесінің төрағасы Ақылбек Жапаров 15 ақпанда өткен баспасөз конференциясында.

«2 мың автобус сатып алу жөніндегі тапсырма Бішкек әкімдігіне берілген. Қаражат табылды, мың автобусты Беларусьтан, тағы бір мыңын Қазақстаннан сатып алғымыз келеді. Бірақ өзіміздің автобус өндірушілердің өнімінің сапасы талапқа сай болса, оны да көреміз», — деді Жапаров.

Қазақстан биыл Қырғызстанға Yutong маркалы 1 мың автобус жеткізетіні 2021 жылдың аяғында мәлім болды. Қырғызстан үкіметінің делегациясы 8 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында арнайы меморандумға қол қойды.

Бішкек әкімдігінің мәліметінше, баланстағы 476 автокөлік бар болса, соның ішіндегі 300 автобустың тозығы жеткен. Қазір 130 троллейбус пен 82 автобус жолаушы тасып жүр. Билік қоғам тасымалын дұрыс ұйымдастыру үшін кемінде 1500 автобус керек дейді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий