Қырғыз үкіметі коронавирустың жаңа толқынына байланысты шектеу енгізбейді

Қырғыз үкіметі коронавирус эпидемиясының өршуіне байланысты қандай да бір шектеу шарасын қолданбайды.

Үкімет басшысы Ұлықбек Марипов осылай деп мәлімдеді. Ол азаматтарды қоғам денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үндеді.

«2020 жылғы «қара шілдесі» қалай ауыр тигенін ұмытқан жоқпыз. Қайғылы оқиғаның қайталанғанын ешкім қаламайды», — деді Марипов.

Үкімет басшысының айтуынша, тәуелсіз сарапшылар бұл жолы былтырғыдан да ауыр тиюі мүмкін деп болжаған. Ол денсаулық сақтау министрлігінің республиканы вакцинамен қамтамасыз етуге қатысты жұмысын сынады.

Қырғызстанда маусым айында коронавирус жұқтырғандар артты. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, елде эпидемияның үшінші толқыны жүріп жатыр. Үкімет науқастарды емдейтін төсектерді көбейтуді тапсырды.

Өткен тәулікте республикада 875 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Қырғызстанда эпидемия басталғалы бері 119 мың адам коронавирус жұқтырған, 1964 науқас қайтыс болған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий