Қырғыз үкіметінің басшысы Ұлықбек Мариповтың хабарлауынша, «жақында Тәжікстан Республикасымен арадағы мемлекеттік шекара арқылы қозғалысты мәселелер шешілгенше тоқтату туралы шешім қабылданды».
Үкімет басшысы Ош облысындағы Чон-Алай ауданының тұрғындарымен кездесуде осылай деп мәлімдеген.
«Шекара мәселесі — ең өзекті мәселе. Бар күшімізді осы мәселені шешуге жұмсап жүрміз. Біз оны міндетті түрде шешеміз… Мемлекеттік шекараны нығайтуда жергілік тұрғындардың рөлі маңызды. Сол себепті сіздерді төзімді болуға үндейміз», — деді Марипов.
Үкімет басшысының мәлімдеуінше, «басты мақсат — қарапайым халықтың жағдайы жақсарту».
28-30 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында болған жанжалдан 50-ден астам адам қаза болған, жүздеген адам зардап шеккен. (Қырғыз жағы 36 қырғыз азаматы, тәжік тарабы 19 адамның опат болғанын хабарлады). Екі жақ бір-бірін жағдайды ушықтырды деп айыптап, қылмыстық істер қозғаған.