Қырғызстанның Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы қарулы қақтығыстан қаза болған 27 азаматтың отбасы бір миллион сомнан (11 мың 800 доллар) өтемақы алды.
Қақтығыс кезінде зардап шеккен 67 отбасыға тартқан зиянына байланысты 50 мың сомнан бір миллион сомға дейін ақша төленген.
Бұл туралы министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Айбек Жунушалиев 6 шілдеде мәлімдеді. Оның сөзінше, өтемақы төлеу үшін бюджеттен 51 миллион сом қарастырылған.
Үкімет шекарадағы жанжалдан болған шығын 1,3 миллиард сом деп есептеген.
Қырғыз-тәжік шекарасындағы соңғы қарулы қақтығыстан 36 қырғыз азаматы қайтыс болды. Тәжікстан 19 азаматтың мерт болғанын мәлімдеген.