Қырғыз әділет министрлігі БАҚ туралы заң жобасына теріс баға берді

Қырғызстан әділет министрлігі президент әкімшілігі дайындаған БАҚ туралы заң жобасына теріс баға берді.

Мәліметті министрлік растады, алайда заң жобасының нақтай қай баптарына теріс баға берілгенін айтпады. Сарапшылар құжатқа не себепті теріс баға берілгенін кейінірек түсіндіреді.

Қыркүйектің аяғында президент әкімшілігінің ақпарат саясаты жөніндегі қызметі «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң жобасын қоғам талқылауына шығарды.

«Медиа Полиси Институты» қоғамдық қоры «заң жобасының мақсаттарының бірі — биліккі жақпайтын веб-сайттарды құрту» деп мәлімдеді. Ұйым заң жобасын қабылдамауға үндеді.

«Әділет» құқық клиникасы да құжатқа баға беріп, заң қабылданған жағдайда құжат сөз еркіндігін шектейді деген қорытынды жасады.

2021 жылы заңнамаларды жаңалау аясында Қырғызстандағы БАҚ қызметіне қатысты жаңа заңдар қабылдау жоспарланған. Қырғызстан медиақауымдастығы БАҚ-қа қатысты қолданыстағы заңдарға тиіспеуін сұрап, үндеу жолдаған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий