Қырғыз -өзбек шекарасында жасырын туннель табылды

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚМК) Ош облысына қарасты Қара-Су ауданындағы Телман ауылының аймағында Өзбекстанға өтетін жасырын жерасты жолы табылғанын хабарлады.

“Бұл туннельдің тереңдігі 15 метр, кіре берісі 1,8 метр, шекара сызығына дейін 40 метр, туннельдің кіре берісінен шығысына дейін 270 метрді алып жатыр”, — делінген хабарламада.

Жол табылған учаскенің қожайыны қазір Жалал-Абад облысындағы психиатриялық ауруханада жатыр, оның денсаулығын тексеру үшін қайта сараптама жүргізіледі екен.

Екі ел шекарасында жалпы 15 өткізу бекеті бар. Олардың көбі 2005 жылы Қырғызстандағы саяси оқиғалардан кейін жабылған. Ресми Бішкек пен Ташкент қарым-қатынасы 2016 жылы жақсарған соң, қайта ашыла бастады.

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасының жалпы қашықтығы 1378 шақырым. 2017 жылғы келісім негізінде, шекараның 1170 шақырымы (85%), одан бері тағы 13% бекітілген.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий