Қырғыз адвокаты Бішкекте митинг өткізуге тыйым салу бойынша Жоғарғы сотқа шағымданбақ

Бішкек қалалық соты 14 сәуірде адвокат Бақтыбек Жұмашевтың Бірінші май аудандық сотының Бішкек орталығында 1 шілдеге дейін митинг өткізуге тыйым салу бойынша шешіміне қарсы шағымын кері қайтарды.

Сот шешімінде арызданушының шағымды мерзімі өтіп кеткеннен кейін бергені айтылған.

Адвокат Бақтыбек Жұмашев Фейсбук парақшасына жазғандай, Бірінші май аудандық сотының шешімі 31 наурызда шыққанын 3 сәуірде ғана интернеттен оқыған.

Жұмашев қалалық соттың шешімін жою үшін Жоғарғы сотқа арызданатынын жеткізді.

Бішкектің орталығында митинг өткізуге тыйым салу 2022 жылдың наурызында қабылданған. Оның мерзімі ұзартылып келеді. Құқық қорғаушылар мұның заңсыз екенін айтып келеді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий