Қырғыз азаматының Тәжікстанда ұсталғанын билік оның қазасынан кейін ғана білді

Тәжік түрмесінде қайтыс болған қырғызстандықтың мәйітін Баткен облысына жеткізді. Марқұмның «шекараны заңсыз кесіп өткені» үшін екі жылға сотталғаны 14 қаңтарда ғана мәлім болды.

Қырғызстанның Баткен облысы басшысының орынбасары Маруфхан Туллаевтың «Азаттыкқа» хабарлауынша, жергілікті билік органдары бұл азаматтың көрші елде қамауда отырғанынан хабарсыз болған. Марқұмның ұлы әкесінің денесін елге жеткізуге көмек сұрағанда ғана оның көрші елдің түрмесінде қайтыс болғаны анықталды.

− Оның туыстарының айтуынша, марқұм былтыр 29 сәуірде ұсталған. Ақпаратты тексеріп жатырмыз. Соттың нақты қашан болғаны белгісіз.

Қырғызстанның Тәжікстандағы елшілігі көрші елдің сыртқы істер министрлігіне нота жолдап, Қырғызстан азаматының өлімін әділ зерттеуін сұрады.

Мәліметтерге қарағанда, 1953 жылы туған Құдайберді Бекмұратов,№6 түзеу мекемесінде отырған. Тәжік жағы қырғыз азаматының өліміне қатысты әзірге ресми мәлімет таратпады.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий