Қырғыз балуаны тәжік спортшысының анасының еміне 50 мың рубль берді

Нурланбек уулы Марсел и Камариддин Хасанов

Мәскеуде өткен Hardcore Fighting Championship MMA жарысында қырғыз балуаны Нурланбек уулу Марсел қаламақысының жартысын тәжік Камариддин Хасановтың анасының еміне берді.

Тәжікстанның карате бойынша спорт шебері және соңғы екі жылдан бері белдесіп жүрген Камариддин Хасанов 10 ақпанда өткен турнирден кейін Нурланбек келіп, 100 миң рубль қаламақысының жартысын анаңның еміне бергенін айтты.

33 жастағы тәжік спортшысы Нурланбек уулу Марселдің бұл әрекеті екі өлкенің шекара маңында тұратын халықтың татуласуына себеп болуы мүмкін деп атап өтті.

Камариддин Хасановтың қатерлі ісік індетіне шалдыққан анасы Мәскеуде емделіп жатыр.

Камариддин анасының операциясына 3 миллион рубль қажет екенін айтқан.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий