Қырғыз билігі Донбасстағы соғыс туралы ресейлік фильмдерді көрсетуге тыйым салды

Қырғызстан Донбасстағы соғыс пен Қырымның аннексиясы туралы ресейлік фильмдердің «Шындықты айтатын уақыт» фестивалінде көрсетуге рұқсат бермеді. Бұл туралы Қырғызстан мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Азамат Жаманқұлов хабарлады.

Шенеуніктің айтуынша, «Қырғызтасмасы» мемлекеттік мекемесі фильмдерді көрсету куәлігін кері қайтарып, оларды елде көрсетуге тыйым салды. Министр мұндай шешімнің қабылдануын «халықаралық жағдай» мен Қырғызстанның бейтарап ұстанымымен түсіндірді.

Фестивальді «Гармония» орыс мәдени орталығы ұйымдастырған. Бішкек пен Ош қалаларында «Қырым», «Донбасс», «Жасақтағы қыз» және басқа да фильмдер көрсетіледі деп жоспарланған. Бұған елдегі қоғам белсенділері қарсы шықты, соған байланысты астанадағы сауда орталықтарының бірі жобаға қатысудан бас тартты. 21 сәуірде министр Жаманқұлов депутаттарға даулы жерлерге қатысты ресейлік фильмдерді көрсетуге рұқсат бергенін мәлімдеген.

Фестивальде көрсетулі керек болған фильмдердің жарнамалары Бішкек көшелерінде ілулі тұрды. Кинофестиваль туралы хабарлама Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі сайтында жарияланды.

Бұның алдында Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті тұрғындарды 9 мамырда Z қарпі бар әскери формалар мен киімдерді кимеуге шақырған. Комитет мұндай киім «ұлт араздығын туғызады» деп есептейді.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий