Қырғыз билігі капитал заңдастыру науқанына қосылғандардың ескі декларацияларын өшіреді

Қырғызстан экономика және коммерция министрлігі «Жеке тұлғалардың активтерін өз еркімен заңдастыру және рақымшылық туралы» заң жобасын түсіндірді. Құжатты Жогорку Кенеш қарап жатыр.

Министрлік мәліметінше, бұл құжаттың осы тәріздес басқа да заңдардан айырмашылығы, осы жолы мемлекет азаматтарға бірқатар кепілдік береді. Атап айтқанда, капиталды заңдастыру науқанына қатысқан азаматтардың салық декларациялары өшіріледі.

Экономика министрлігі заң жобасын әзірлеу себебін жеке тұлғалардың көп бөлігінің «әлі күнге дейін салық міндеттерін дұрыс орындамай жүргенімен» түсіндірді.

Еске салайық, бұның алдында экономика және коммерция министрінің орынбасары Искендер Асылқұлов Қырғызстанда бұған дейін капиталды заңдастыруға қатысты үш науқан (2008, 2009 және 2013-2014 жылдары) ұйымдастырылғанын айтқан.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий