Қырғыз билігі шекарадағы жағдай бақылауда екенін айтты

Ұлттық қауіпсіздік бойынша мемлекеттік комитет (ҰҚМК) төрағасы Камчыбек Ташиев шекарадағы жағдай бақылауда екенін айтты. Бұл туралы ол NUR-TV каналына берген сұқбаты кезінде айтқан.

«Соңғы 3-4 күнде шекарадағы жағдай қиындап кетті, көптеген қауіптер пайда болды, Кеше екі тарапты кездесу Көк-Ташта түнгі 12-1-лерде аяқталды. Жағдай бақылауда, шекара бекем, біз қызметтеміз», — деген Ташиев.

Шекара қызметі қырғыз-тәжік шекарасындағы Дахма аймағында оқ атылғанын 1 желтоқсанда хабарлаған.

Ресми хабарға сәйкес, 1 желтоқсанда кешкі сағат 9-дан өткенде қырғыз-тәжік шекарасы бойында Тәжікстан жақтан бірнеше рет оқ атылған. Тәжік билігі әлі бұл бойынша пікір білдірмеді.

Қырғыз-тәжік шекарасының бекітілмеген аймағында жиі ұрыс шығып тұрады. Биыл көктемде қарулы қақтығыс болып, екі тараптан да ондаған адам қайтыс болып, бірнеше адам жараланған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий