Қырғыз билігі таксишілерді лицензия алуға міндеттейді

Қырғызстан ішкі істер министрлігі «Лицензия және рұқсат жүйесі туралы» заңға түзету енгізетін заң жобасын дайындады. Құжат таксишілерді лицензия алуға міндеттейді. Заң жобасы қоғам талқысына ұсынылды.

Осы уақытқа дейін жолаушы таситын автокөліктер ғана лицензиямен жүреді, бірақ оның жеңіл таксилерге қатысы жоқ. Министрлік таксишілердің осы жеңілдігін алып тастағысы келеді.

Үкімет жаңа заң жолаушы таситын таксишілер қызметіне кері әсер етпейді деп есептейді. ІІМ мәліметінше, бір жылға берілетін лицензия 500 сом (шамамен 6 доллар) тұрады.

Таксиге лицензия енгізу жөніндегі талап президент Садыр Жапаровтың 2021 жылғы желтоқсанда қол қойған бұйрығында бар. Бұл құжат Қырғызстан жолдарындағы көлік апатын болдырмау мақсатында қабылданған.

Источник

Комментарий (0)
Добавить комментарий