Жогорку Кеңеш депутаттары парламенттің 6 сәуірдегі отырысында Бішкек қаласының әкімін тікелей сайлау бойынша заң жобасын бірінші оқылымда кері қайтарды.
Заң жобсын «Альянс» фракциясының депутаттары әзірлеген.
«Негізгі заңда жазылғандай, билік бұлағы — халық. Бішкек әкімін қала тұрғындары сайлауы тиіс. Қаланы қаптаған қара түтін, кептеліс, ретсіз құрылыс, жаңа қонысжайларда проблемалар шешілмей келеді. Біз әкім болғысы келетін адамнан, «егер мен әкім болсам, осы мәселені шешемін» деген жоспарымен танысуымыз керек», — деді заң жобасын әзірлеушілердің бірі Жанарбек Акаев.
Алайда бірқатар депутаттар Қырғызстан президенттік басқаруды таңдап алғанын, сол үшін қала әкімдерін тікелей президент тағайындауы тиіс деген сөздер айтты.