Жогорку Кеңештің Бішкектегі Ленин аудандық округы бойынша депутаттығынан үміткер Дамира Ниязәлиеваны милицияға тергеуге шақыртқан. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Ниязәлиеваның өзі хабарлады.
«Екі-үш адамды ұстады. Кім екенін білмеймін. Ұсталғандарына екі тәулік өтті. Олар куәлік беріп жатыр» дейді Ниязәлиева.
Милициядағылар әзірге депутаттықтан үміткерді тергеуге шақыртқаны туралы ешқанда мәлімет таратпады.
29 мамырда кешке Ниязәлиеваның сайлау штабын тексерген. Сол күні күндіз әлеуметтік желілерде телефон әңгімесінің таспасы жарияланған. Даусы Дамира Ниязәлиеванікіне ұқсас бір әйел Роман есімді насихаттаушысымен сайлаушылардың даусын сатып алу жайын талқылаған.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 28 мамырда өткен сайлауға бар болғаны 17 423 адам немесе осы округтегі сайлаушылардың 13,95 пайызы ғана қатысқан. 29 үміткер ішінен Дамира Ниязәлиева 35 пайызбен жеңіске жеткен.
Үшінші орын алған үміткер Эртай Искаков Ниязәлиеваны дауыстарды сатып алды деп айыптады. Ол Ниязәлиеваның жақтастарымыз деген адамдардың ақша санап отқаны туралы видео таратты.
Дамира Ниязәлиева әлеуметтік желілерде тараған видеороликтерді «бақталастардың арандату әрекеті» деп бағалады.